Жергілікті билік назарынан тыс қалған көше
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы көшесінің тұрғындары тізеден балшық кешіп жүр. Өйткені, көктем мен күз айларында бұл жер көлге айналады. Жергілікті билік өкілдері болса, 5 жылдан бері уәде берумен келеді, дейді тұрғындар. Бүгін олар редакциямызға хабарласып, өздері тұратын көшенің мәселесін баяндады.Жаңбырлы күндері бұл көшемен жүру қиямет. Көліктер де жиі батып қалады. Жақын жерде №33- ші мектеп орналасқан. Әсіресе балаларға қиын, дейді көшенің байырғы тұрғыны Райым Қасым. Зейнеткердің айтуынша, соңғы 5 жылдың ішінде бұл жерде қаланы басқарып кеткен Ілияс Испанов, Асхат Шаһаров та, басшылыққа жақында келген Мұрат Жөребеков те болған. Көшенің схемасын сызып, биылдан қалмай асфальт төселетінін айтқан. Жолы жоқ көшенің ұзындығы 3 шақырымдай. Бұл жерде шамамен 80- ге жуық үй бар. Асфальт төселіп, тротуар салынса аяғымыздағы резеңке етікті тастар едік, дейді тұрғындар. Ал тұрғындар билік өкілінің уәжіне тоқтап, уәдесіне сенген кейіп танытқанымен, жағдайдың жақын арада шешімін табарына күмәнмен қарайды. Асфальт төсеу жұмыстарын қара күзге қалдырады, деп уайымдайды. Атақты ақын, ойшылдың атын алып жүрген көше биыл күзде балшықтан тазарып, көрікті жерге айналады деген үмітте.
Количество показов: 865
Дата создания: 10.05.2023 15:03:54