Жер үй өртеніп, бір отбасы далада қалды
Ерболат өрт сөнді деп ойлап, балаларды көршілерге апарып, кейін азық-түлік алу үшін дүкенге кеткен. Қайтып келгенде үйінің қызыл жалынға оранғанын көреді. Қайтадан өрт сөндірушілерге хабарласады. Сөзінше, азын-аулақ ақшасы мен құжаттарын алмақ болғанда, есінен танып құлаған. Інісі екеуі облыстық жедел жәрдем ауруханасына жеткізіліп, жансақтау бөліміне түскен. Отбасын ойлаған жігіттер денсаулықтары сәл жақсарысымен қолхат жазып, ауруханадан шығыпты. Отбасы төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерін кеше қайта шақырған. Толық сөнбеген шоқ қайта тұтана бастапты. Мамандардың алдын ала мәліметі бойынша өрт пештің жануынан шығуы мүмкін. Үйлерін жылыту үшін аптаға жуық уақыт бұрын көмір сатып алған. Газ жүргізуге әкімдіктен рұқсат болмапты. Қазір Мұхитовтар отбасы туыстарын паналап жүр. Үйлері тұруға жарамсыз. Үш бөлмелі үйде 8 адам тұрған. Далада қалған отбасы жергілікті биліктен уақытша баспана сұрайды. Ал, бүгін түстен кейін қала әкімі аппаратының төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары жанған үйдің жағдайын біліп қайтты. Материалдық қолдау көрсетілмек. "Құрылыс" бау-бақша ұжымында қазір 40 отбасы тұрады. 2017 жылы су тасқыны кезінде тұрғындардың дені көшіп кеткен. Қалғандары көмір жағып күн көріп отыр. Тұрғындардың сөзінше, ұры-қары көп. Бірақ, үйді қалпына келтіру мәселесі қарастырылмайды. Себебі, биыл өрт болған үй орналасқан Құрылыс-1 және ВОХР ауданындағы бау-бақша ұжымдары мен Махамбет ауылы толығымен өзге жерге көшіріледі. Үй өртенген отбасының құжаттары тізімде бар. Сазды ауылы маңында отбасылар үшін жер бөлініп, қазір коммуникация жүргізіліп жатыр.
Количество показов: 1109
Дата создания: 18.02.2019 18:45:32