Жеке үйде газ баллоны жарылып, екі егде жастағы адам күйіп қалды
Қарғалы ауданының Петропавл ауылында жеке үйде газ баллоны жарылды. 95 жастағы кейуана мен 71 жастағы ер адам зардап шекті. Жағдайлары ауыр. Бірінің денесін 100, екіншісінің денесін 50 пайыз күйік шалған. Жарылыстан зардап шеккендер облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізілген. Жансақтау бөлімінде жатыр. Облыстық көпсалалы аурухананың бас дәрігері Сәкен Қапанов жаралылардың жағдайына қатысты ешқандай болжам жасай алмаймыз деді. Төтенше оқиға кеше түскі бірлер шамасында болды. Даладан үйге кіргізіп, жылы жерге қойылған 5 литрлік газ баллоны жарылып, салдарынан қабырғалар бүлініп, өрт шыққан. Көршілері құтқарушылар жеткенше жалынды өз күштерімен ауыздықтап үлгерген. Оқиға орнында 2 құтқарушы жұмыс жасады. Қазір тексеру, анықтау жұмыстары жүріп жатыр.Өңірде жыл басынан осындай 3 факт тіркелген. Облыстық ТЖД мамандары тұрғындарға тұрмыста газ баллонын пайдалануда аса сақ болуды ескертеді.
Количество показов: 833
Дата создания: 08.02.2023 12:16:29