Жеке сектордағы ауыз су тапшылығына ескірген құбырлар себеп
Шанхай ауданындағы Заңғар көшесіндегі жеке сектор тұрғындары біраз жылдардан бері таза ауыз суға қол жеткізе алмай келеді. Бұл үйлерде екі күннің бірінде су болмай қалады. Ал жаз мезгілдерінде құбырдан салқын су тамбай қалатын көрінеді. Жұртшылық 2017 жылдан бері судың жәйін айтып біраз мекемелердің есігін қаққан. Үй иелері биыл мамыр айында су құбырларын ауыстыру керектігі жөнінде қалалық әкімдікке өтініш хат жолдаған. Рашида Волкова бұл үйде 20 жылдан бері тұрады. Әке-шешесі ескі үйді қыздарының атына аударып берген. Құжат бойынша 1985 жылы үйлерге су құбырлары кіргізілген. Су жердің астымен келіп тұр. Жер астындағы құбырлар мүлде жаңартылмаған.
Шанхай ауданындағы Вавилов көшесімен қиылысатын тұйық көшеде көбіне жер үйлер орналасқан. Заңғар көшесіне асфальт төселмеген. Бұл мәселеге байланысты қалалық экономика және қаржы бөлімі өкілі жауап берді. Заңғар көшесінің өзінде судан бөлек жылу жүйесі де ескіріп тұр. Жылу құбырлары 1980 жылдардан бері ауыспай тұр. Жалпы қала бойынша су, жылу құбырларының 40 пайызының тозығы жеткен.
Количество показов: 696
Дата создания: 04.10.2022 19:23:33
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>