Жеделсатысы жөнделген үй тұрғындары дауласуда
Есет батыр көшесіндегі №13-ші үйдің жеделсатысы дауға қалды. Кейбір тұрғындар терможаңғырту бағдарламасы шеңберінде жеделсаты орнатуға түбегейлі қарсы болған. Бірақ, көршілеріміз де, жеделсатыны орнатушы тарап та бұған құлақ асқан жоқ дейді наразы тарап. Қазір лифт жоғарғы қабаттағыларды тасып тұр. Тек үшінші қабатта тоқтайды. Себебі ақша төлеуге қарсы, өз аяғымызбен көтерілуге қауқарымыз жетеді деп жеделсатыдан бас тартушылар оны бекітіп тастаған. Үшінші қабаттағылар жеделсаты орнатуға кеткен қаражатты төлемейтіндерін, еш құжатқа қол қоямайтындықтарын айтқан. Бірақ, араға екі жыл салып, үшінші қабаттың тұрғындары ескерту қағазын алады. Іс қалалық сотта қаралған. Соттың шешімі бойынша жеделсаты үшін әркім пәтердің аумағына қарай 170 пен 220 мың теңге аралығында төлеуі тиіс. Бірақ, тұрғындар шешіммен келіспейді. "Табыс Ақтөбе" ЖШС-дегілер жағдайдан құлағдар. серіктестік директоры "Бәрі заң аясында жасалған. ҚР Үкіметінің қаулысында жеделсатыны пайдаланғаны үшін төлемнен тек 1-2 қабаттың тұрғындары ғана босатылады, қалғаны тұрғындардың келісімімен шешіледі",-деп отыр. "Көрші ақысы-тәңір ақысы". Бірақ, мұндай жағдайларда пысақай көршілердің төменгі қабаттағыларды ескермейтіні тағы бар. Оларды жұрттың қалтасынан гөрі, " өз қалтамнан неғұрлым аз ақша шықсын" деген ой мазалайды. Есет батыр көшесі 13-үйдің тұрғындары сотқа апелляциялық шағым түсіреміз деп отыр. 2011-2012 жылдары терможаңғырту бағдарламасы аясында қалада 20 үй жеделсаты орнатқан. |
Количество показов: 1781
Дата создания: 25.02.2014 18:02:03