Жедел жәрдем көлігіне жол беріңіз!
Жедел жәрдем көлігіне жол бер, жүргізуші! Бүгін жол сақшылары көлік тізгініндегілерге осындай үндеу тастады. Соңғы уақытта науқастарды алып келе жатқан жедел жәрдем көлігіне жол бермейтін жағдайлар жиілеген. Көліктің арнайы дабылына да көңіл бөлмейтін болған. Қалалық жедел жәрдем бекетінің басшылығы шағымданған соң, жол сақшылары көмекке келді. Аға инспектор Жаннат Ахетованың айтуынша, көп жағдайда көлік жүргізушілері жедел жәрдемді байқамай қалдық деп "сылтаурататын" болып шықты. Жол сақшылары жедел жәрдем көлігін жібермегендерді сол жерде жазалады. Алтынсарин көшесінде тәртіп бұзып, көзге іліккен көлікті тоқтатты. Сол жерде хаттама толтырылып, 7 АЕК көлемінде айыппұл салынды. |
Количество показов: 2350
Дата создания: 24.12.2012 19:16:25