"Жеңіс" гүлзары жөнделіп жатыр
Жалданған жұмысшылар қалалық әкімдіктің тапсырысын орындап жатыр. Жұмысты бастағандарына 1 апта болған. Гүлзардың қоршаулары түгел емес, әрі әбден сыры кеткен. Алдымен қоршаулар түгенделіп, сырланады. Гүлзардың ішінде орындықтар көбейеді. Урналар пайда болады. Демалыс орнын қалыпқа келтіру жұмыстары тамызға дейін жалғасады. Бұл Мұғалжар ауданының Ақтөбенің 150 жылдығына жасаған сыйлығы. Қалада 12 ауданның тартуы ретінде осындай шағын саябақтар жаңартылып, салынатын болады.
Количество показов: 1024
Дата создания: 06.06.2019 19:39:02