"Жеңіс" гүлзары кезекті рет қалыпқа келтіріліп жатыр
Қоршаулары жиі қолды болатын "Жеңіс" гүлзарын кезекті қалыпқа келтіру жұмыстары жазда басталды. Құрылыс жұмыстарын жүргізуді "Қазхром" трасұлттық компаниясының өңірдегі филиалы қолға алған. Демеуші компания уәде еткендей демалыс орнының қасбеті сақталуы тиіс. Әдемі жарықшамдары орнатылып, саябақ толықтай жөнделеді. Бұл жоспар орындала ма, жоқ па тұрғындарға сол қызық болып тұр. Дегенмен жұртшылықтың саябақ ретке келсе екен деген тілектері бар.
Жоспарға сәйкес, қазан айына дейін гүлзар аумағы үлкейтіледі. "Жеңіс" аллеясының басты ерекшелігі бос жерлер жасыл-желекпен көмкеріліп, толықтай жарықтандырылуы тиіс. Балдырғандар үшін ойын алаңдары салынып, спортпен айналысуға мүмкіндік жасалмақ. Гүлзардағы жасыл желекті күтіп баптау үшін 35 метр тереңдіктен су алатын ұңғыма қазылған. Жасыл желекті суарудың автоматты жүйесі іске қосылады. Демалыс орнын қайта жарақтандыруға 93 млн теңге бөлінген. Ең бастысы саябаққа бейнебақылау камералары орнатылады. Сондай-ақ, "Қазхром" компаниясы жылдың соңына дейін Тұрғындар қалашығы ауданында ескі үйлерді қайта жабдықтауға 290 млн теңге бөліп отыр. 18 көпқабатты үй жөндеуден өтіп , 4 аулаға балалар алаңы орнатылады.
Количество показов: 550
Дата создания: 12.09.2022 23:03:12