Жаз мезгілінде шаһардың сәнін келтіріп тұратын субұрқақтар биыл қақсып тұр
Қалалық тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы бөлімінің мәліметінше, биыл қала аумағындағы 8 субұрқақты жөндеу үшін мердігер мекеме бекітіліп, келісімшарт жасалып қойған. Олардың қатарында Кереев көшесіндегі гүлзарда орналасқан субұрқақ, Жеңіс даңғылындағы субұрқақ бар. Күрделі жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 200 млн теңгеден астам қаражат бөлініп отыр. Қала аумағында ірілі-ұсақты 23 субұрқақ бар. Қазіргі таңда олардың 40 пайызы ғана іске қосылған. Қалғандары бұзылып тұр. Коммуналдық мекеме өкілінің айтуынша, субұрқақтардың тозығы жеткені бар, бірақ істен шығып қалуына тағы бір себеп тұрғындардың онда қоқыс лақтыруы. Салдарынан субұрқақтардың су сорғызатын құрылғылары бұзылып қалады. Сондықтан, ақтөбеліктер мен қала қонақтарынан тазалық сақтау сұралады.
Количество показов: 909
Дата создания: 08.06.2022 18:49:59