101-ші атқыштар бригадасы көшесі бойымен жүру мүмкін болмай қалды. Жаяулардың жолын сол маңдағы бизнес нысандардың қызметкерлері мен келушілер көліктерін қалдыратын орынға айналдырып алған. Көше тұрғындары тынысымыз, өрісіміз тарылып жатыр деп дау көтерді. Бұл 101-атқыштар бригадасы көшесіндегі №6, №8-үйлердің маңындағы күнделікті көрініс. Көлік жүргізушілері гүлзарды жағалай автотұраққа айналдырған.Тұрғындардың көше бойымен жүріп-тұруы күннен күнге қиындай түсуде. Көше бойында көлік қалдыруға тыйым салатын белгілер де орнатылмаған. Ал қыста көшенің арғы бетіне өту өте қиын. Себебі, жер тайғақ. Ал тротуарлар мүлде жоқ.
Полицейлер мұндай мәселе сауда үйлері және басқа ұйымдармен іргелес тұрғын үй аулаларына тән екенін атап өтті. Ал көлігін рұқсат етілмеген жерге қалдыратын жүргізушілерге әкімшілік жаза қарастырылған.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, мұндай заңбұзушылықтарды фото және видеоға түсіріп алуға болады. Құқық бұзушының заңсыз әрекетін дәлелдеу барысында аталған бейнежазба көп көмегін тигізеді.
Количество показов: 875
Дата создания: 18.02.2022 18:06:59
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>