Жаяу жүргіншілер жолы тазартылмай жатыр
Биылғы қыс қарлы. Тазалыққа жауаптылардың жұмысы да өткен жылдардағы қыстан екі-үш есеге ұлғайды. Көшенің қарын күрейтін мекемелер тұрғындарға жайлы жағдай жасап жатырмыз десе де олардың күрегінен шет қалған жерлер бар. Көше тазалығына жауаптылар басты даңғылдарды мезетінде қардан тазартуын тазартады. Бірақ, бұл көше тазалығы мінсіз дегенді білдірмейді. Аршығыш техниканың күрегіне ілікпей қалған қарлар көше шетіне ысырылып мынадай алып үйіндіге айналып жатыр. Әр қар түскен сайынғы жағдай осы. Кейбіреуі жиыла жиыла жаяу жүргіншілер жолын тарылта бастапты. Кейбір тротуардан бір мезетте екі адам жүру мүмкін болмайды, кезектесіп өтуге мәжбүрміз дейді тұрғындар. Қар үйіндісі темір тұлпарлылардың да тірлігін қиындатып тұр. Топан қардың кесірінен жүргіншілер өткелінен шыға келген адамды байқамай жазым етеміз бе деп жандарын шүберекке түйіп жүрген жайлары бар. Бұрылыстарда да қалың қардың кесірінен қозғалысымыз ақсап, жүйкемізді жұқартады дейді олар. Көктем қыр астында. Үйінділерге күрек тимесе көктемде өткен жылдарға қарағанда екі-үш есе көп шалшық суға малшынатын түріміз бар. |
Количество показов: 2045
Дата создания: 14.02.2014 19:24:58