Жатақхана тұрғындары өрттің шығуынан қауіптенеді
Ломоносов көшесі №28- ші мекенжайда орналасқан жатақхана тұрғындары шарасыз күй кешіп отыр. Ғимарат әбден тозып тұр. Ал оны терможаңғырту бағдарламасымен жөндетейін десе, бөлмелердің жартысынан көбі жалға берілген. Күн жылынғалы шатырдан су кетіп, қабырғалар арқылы тартылған электр сымдары дымқылдана бастаған. Адамдар өрттің шығуынан қауіптенеді. Гүлдерай Мерғалиева осыдан отыз жыл бұрын темір жол басқармасына қарасты мекемеде жұмыс істеп, кезекпен осы 11 шаршы метр бөлмені алғанын айтады. Жатақхананың пайдалануға берілгеніне де 50 жылдай уақыт болыпты. Соңғы отыз жылда күрделі жөндеу көрмеген ғимараттың шатыры шіруге айналған. Қабырғалары да қақырап жатыр, дейді әйел. Күн жылынып , қар ери бастағалы жатақхананың шатырынан су кеткен. Бесінші қабаттан аққан су жертөлеге дейін жетіпті. Жатақханада жылу мардымсыз болғандықтан тұрғындар бөлмелерін электр пешімен жылытып отыр. Электр сымдары қабырғалар арқылы өтіп жатыр. Ашық тұрған электр желілеріне су тисе, өрт шығуы ғажап емес. Ломоносов көшесі №28- ші мекенжайдағы ескі жатақхананың қазіргі жағдайы осы. Қалалық әкімдік жағдайдан хабардар. Бірақ тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық бөлімінің мамандары жекешелендірілген жатақханаға ешқандай көмек көрсетілмейтінін айтқан. Жатақханада тұрып жатқандардың дені бөлмені жалға алатындар екен. Ал терможаңғырту бағдарламасы арқылы жөндету үшін бөлме иелерінің жартысынан көбінің рұқсаты қажет.Количество показов: 756
Дата создания: 01.03.2023 11:35:42