«Жастар үйінің» тұрғындарына жаңа жылға ақша сыйланды
Кеше облыс әкімі Архимед Мұхамбетов «Жастар үйінде» болып, оның тұрғындарымен кездесті. «Тұрғынүйқұрылысжинақ банкінің» салымшылары болып табылатын 40-тан астам қыз-жігітке жаңа жыл қарсаңында сыйлық ретінде ақша сертификаттарын табыс етті. Бақытгүл Қалиева «Жастар үйінің» тұрғыны. 19 жастағы бойжеткен Гуманитарлық заң университетінің колледжін биыл бітіреді. Өзінен үлкен апасы және соңынан ерген сіңлісі бар. Үшеуі де «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» салымшылары, әрі жетім балалар санаты бойынша үй кезегіне тіркелген. Бақытгүл мемлекеттен тиесілі жәрдемақысын ай сайын шашау шығармай банкке апарып салады. Кеше облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Бақытгүлдің есепшотындағы қаражатты 200 мың теңгеге өсірді. Осындай ақша сертификаттарын «Жастар үйінің» 40-тан астам тұрғыны алды. Осы жолы Алға балалар үйі түлектерінің банктегі есепшоттарын толықтыруға бюджеттен жалпы көлемі он жарым миллион теңге бөлінген. Келер жылы Алға балалар үйінің 8 түлегіне пәтер беріледі. Облыстық әкімдік Алға балалар үйі түлектерінің «Тұрғынүйқұрылыс жинақ банкіндегі» есепшоттарын толтыруға 2009-шы жылдан бері көмек көрсетіп келеді. 4 жыл ішінде 17 жетім бала баспаналы болған. «Жастар үйінде» қазір 72 қыз-жігіт тұрып жатыр. Алға балалар үйінен мектеп бітірген түлектер бұл үйді 23 жасқа дейін мекен етеді. Жастар қаладағы колледж, университеттерде оқып жатыр. Жұмысқа орналасып кеткендері де бар. «Жастар үйінде» оларға бар жағдай жасалған. Архимед Мұхамбетов жастарға жаңа жыл мерекесіне екі кір жуғыш техника сыйлады. |
Количество показов: 1805
Дата создания: 28.12.2013 18:05:46