Жас теміржолшылар флеш-моб ұйымдастырды
Жас теміржолшылар "Қазақстан Темір Жолы" ұлттық компаниясы жүргізіп отырған жастар саясатын қолдайды. 20 қыз-жігіт бүгін Ақтөбе темір жол вокзалы ғимаратында флеш-моб ұйымдастырып, көпшілік алдында би биледі. Кенеттен вокзал ғимаратының ортасына жүгіріп шығып, билей жөнелген қыз-жігіттерге пойыз күтіп отырған жолаушылар қол шапалақтап қолдау білдірді. Ақтөбе дистанциясының маманы Мұрат Тасмағамбетовтың айтуынша, осындай флеш-мобтар жастарды ұйымшылдыққа, ұжымдық ауызбіршілікке жетелейді. "Қазақстан Темір Жолы" Ұлттық компаниясында қазір ел бойынша 37 мыңға жуық жас маман жұмыс жасайды. Оның 8 мыңдайы ақтөбелік жаста |
Количество показов: 1844
Дата создания: 14.03.2014 17:38:35