Жасөспірімдер жасаған қылмыс 93 пайызға артты
Жасөспірімдер интернеттің арбауында қалып отыр. Әсіресе, әлеуметтік желілердің жетегінде кетіп, алданып қалғандар көп. Интернеттегі таныстықтың соңы зорлаумен аяқталған жайттар да жоқ емес. Облыстық прокуратура бірінші басқармасының басшысы Маратбек Мырзамұратовтың айтуынша биыл 5 қыз зорлау дерегі тіркелген. Өңірде жасөспірімдерге қатысты жасалған қылмыс 42,2 пайызға көбейген. Соның ішінде -12 жағдайда кәмелет жасына толмағандар аса ауыр қылмыстың құрбанына айналған. Зардап шегетіндер көбінесе- қыз балалар. Тоғыз айдың ішінде қылмыстық жауапкершілікке кәмелет жасына толмаған 196 бала тартылды. Көбісі- мектеп және лицей оқушылары. Аудандардағы жағдай да алаңдатады. Әсіресе, Байғанин,Ойыл, Алға аудандарының жасөспірімдері жиі бұзақылық жасайды. |
Количество показов: 2130
Дата создания: 30.10.2013 19:43:49