Жасөспірім тәрбиесі маңызды мәселе
Өтпелі кезең. Бұл термин жасөспірімдерге қатысты айтылса керек. Мәселен, 14 жастағы бала әлі үлкейген жоқ, бірақ өзін бала да санамайды. Көбіне осы кезеңде ата-анасымен қарым-қатынасы да қиындай түседі, тез ашуланшақ келеді. Ата-аналар осы шақта перзентінің мінезі қатты құбылып, қиын жағдайға тап болғанын айтады. Дөрекі сөйлеу, ренжу, агрессия таныту-жеткіншекке тән мінез-құлық. Бұл жағдайдан балаға травма салмай шығу өнер. "JAN AHUAL" психологиялық қолдау орталығы ұйымдастырып отырған семинардың мақсаты да осы. Ата-аналар мен педагог-психолог арасында жүйелі жұмыс орнату, балаларды оқыс жағдайдан сақтау, зорлық-зомбылықтың алдын алу. Бүгінде ерекше балалар дамуда білімді тек арнайы мекемелерде ғана емес, қарапайым балабақша мен жалпы білім беру ұйымдарында ала алады. Ол үшін арнайы педагогтерді оқытып отыру маңызды. Орта білім беретін мектептерде және колледждерде ерекше білім беруге бет бұрып жатыр.Мектепте қудалау, өз келбетіне көңілі толмау немесе ата-анасына жеке шекара белгілеу. Бұл-қазіргі жасөспірімдердің проблемасы. Қазіргі балалар "Альфа" ұрпақтарына жатады. Оларды ұрыспен жеңу мүмкін емес. Керісінше, жүйкесін бұзуыңыз мүмкін,-дейді мамандар.Семинар-практикум барысында мектеп педагог - психологтарына жасөспірімдерге депрессиядан шығуға көмектесу жолдары түсіндірілді. Жеткіншектің күйзеліске ұшырауына жол бермеу, қиындыққа мойымауға баулу мен психикасын бұзбау жолдары қаралды.
Количество показов: 182
Дата создания: 22.10.2024 07:35:33