"Zhas Project" жобасы жастарға 1 млн теңге грант бермек
"Zhas Project" жобасы бойынша шағын грантқа үміткерлерден өтініш қабылдау бүгін басталды. Жоба 18-35 жас аралығындағы қазақстандықтардың бастамаларын қолдауға арналған. Бұл жоба ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің және " Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" тапсырыс бойынша іске асырылуда. Жобаның мақсаты -жастарды жұмыспен қамту, бизнес ашуға көмектесу. Сонымен қатар, биыл осал топтар мен шалғайдағы ауыл жастарына қолдау көрсетілмек.Облыс бойынша 14 үміткерге "Zhas Project" шағын гранты қарастырылған. Жобаның әр қатысушысына 1 миллион теңге көлемінде грант ұсынылады. Бұл өаражатқа грант иегері жобасын бастауы керек. жалпы бизнес жолдары мен кәсіпті дөңгелетудің тетіктерін арнайы мамандар түсіндірмек.
Байқауға қатысу үшін өтініш беруші міндетті түрде ҚР азаматы болуы керек. Облыста немесе қалады тұрғылықты мекен-жайы болуы шарт. Жұмыссыз немесе сырттай оқитын жастарға да қатысуға болады. Жоба 3 кезеңнен тұрады. Бірінші кезең- қатысушылардан өтініштерді қабылдау және іріктеу. Екінші кезең- кәсіпкерлік дағдыларға оқыту, тәлімгерлік қолдау, жобаларды іске асыру, ілгерілету және дамыту бойынша кеңес алу. Ақтық кезең- "Jas Project" кәсіпкерлік апталығын өткізу.
Количество показов: 433
Дата создания: 09.10.2023 23:48:58