Жас мемлекеттік қызметкерлер ант қабылдады.
Қалалық әкімдікте Қазақстан Республикасы күні қарсаңында өткен мемлекеттік қызметшілерді қабылдау шарасы мемлекеттік әнұранды шырқаудан басталды. Салтанатты шара барысында 3 жас маман ант қабылдап, мемлекеттік қызметке орналасты. Қала әкімі Азамат Бекет жас мамандарды қабылдап, гүл шоқтары мен сыйлықтарын табыс етті. \Сондай - ақ, мемлекеттік қызметте ұзақ жылдар бойы қызмет атқарып жүргендер де марапатталды. Үздік деп танылған 20 қызметкер қала әкімі атынан марапатталды.Айта кетейік, мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдау шарасы 25 қазан - Республика күніне орайластырылған. Мемлекеттік қызметке қабылданған жас мамандар бұған дейін жеке іс - тәжірибеден өткен болатын.
Количество показов: 360
Дата создания: 24.10.2023 05:18:12