Жас кәсіпкерлерге кеңес
Табысты кәсіпкер болудың алғышарттары қандай? Облыстық кәсіпкерлер палатасы бизнесін енді бастағандарға ақыл-кеңес берді. Бизнес-жоспар қалай құрылады, есеп-қисаптар қалай жасалуы тиіс? Дәрістер осы мәселелер бойынша жүргізілді. Әсел Жалмұқанова- жас кәсіпкер. Жүзеге асырғысы келетін жобалары көп. "Атамекен старт-ап бизнес идеялар" байқауында бағын сынап, құрғақ әдіспен көлік жуу жобасы үздіктердің қатарынан танылды. Кәсібін жалғастыру үшін 150 мың теңге жүлде алды. Айтуынша, көлік жуу орталығын ашуды кейінге ысырып қойған. Жүлдені қазіргі кәсібіне салған. Той-томалақтарда тарататын тойбастарларды әзірлейді. Бизнес-тренер Ержан Нұрғалиевтің-өзі де кәсіпкер. Сондықтан, тыңдауға келгендерді қандай сұрақтар жиі мазалайтынын жақсы түсінеді. Дәріс кезінде де сол мәселелерге ерекше тоқталды. Тренинг алдағы уақытта да жалғасын табады. Бухгалтерлік және салықтық есеп, заңды тұлғаларды тіркеу мен есептен шығару, банктік қызметтер мен кедендік рәсімдеу бойынша курс өткізу жоспарланып отыр. |
Количество показов: 2190
Дата создания: 08.04.2014 17:56:55