Жас кәсіпкерлер клубы ашылды
Ал бүгін Қазақстан ұлттық кәсіпкерлік палатасы жанынан жастарға арналған қолдау, кеңес беру клубы ашылды. «Жаңа дәуір кәсіпкерлері» деп аталған клубқа тың ойлары бар, кәсіп бастағысы келіп жүрген, бірақ, жолбасшыға мұқтаж жаңа толқын мүше бола алады. Аталмыш мекеме жастарды бизнес жоспарларын толыққанды жүзеге асыруға баулиды. Осындай жігерлі, бастамашыл жастарымыздың бірі Берік Құрмашев. 21 жасында-ақ еліміздің кәсіпкерлік әлеуетін арттыруға үлес қосып жүрген ол тың идеясын мектеп жасында-ақ пісіре бастапты. Үш жарым айдан бері жемісін көріп келеді екен. Талапты жас саусақ таңбалары арқылы баланың денсаулығын, қандай спортқа қабілетті екенін, жалпы физиологиялық жай-күйін анықтайтын жүйесі жұмыс жасауда. Басында халық қалай қабылдар екендеп көңілі күпті болғанын жасырмайды. Бірақ, сұраныс, қызығушылар саны күткенімізден де асып түсті дейді ол.
Жастайынан психологияға айрықша ықыласы ауған жас кәсіпкер жобасын жетілдіру үшін бірнеше байқауға қатысыпты. Бір істің жемісін көру үшін табандылық және ерекше құнт керек дейді Берік. Кәсіптің көзін тапқан жігіт жастарды бір іс бастау үшін жүрексінбеуге, тым болмаса өздерін сынап көруге шақырады. Кәсіпке бастаймын деген жастарға ақыл-кеңес алып, пікір алмасу үшін мұндай клуб ауадай қажет болатын. Жауаптылар болса, жастардың игілігі үшін жұмыс істейтін бұл клуб мұнан басқа да тың ойларға, шабытқа жол ашар деген ниетте жастар. Бастамашыл жаңа толқынға ақпараттық және іскерлік қолдау көрсету үшін клуб шараға бизнестегі белді тұлғаларды және салық, қаржы саласындағы табысты қызметкерлерді тартуда.
|
Количество показов: 2624
Дата создания: 30.12.2013 18:19:27