Жас дарындар марапатталды
Бүгін өңіріміздің ең дарынды, білімді, өнерлі жастары "Нұр Отан" партиясының облыстық филиалында бас қосты. Республикалық, халықаралық білім және өнер сайысында жеңімпаз атанғандарды биліктегі аға-апалары марапаттады. Бүгінгі шара-ҚР тұңғыш президенті күніне орайластырылды. Жиынға жиналған жастар да мерекенің маңызын жақсы түсінеді. Тәуелсіздіктің төл түлектері болғасын, өз президентіміз, өз Қазақстанымыз деп сөйлейді. Үстелді жағалай жайғасқан жастардың көкейіндегі арманы да белгілі-болашақта президент болу, Қазақстанның көркеюіне үлес қосу. Облыстық мәслихат хатшысы Сәния Қалдығұлова "Қазақстанды әлемнің дамыған елдерімен терезесі тең қылатын-сендер секілді білімді, дарынды, саналы жастар" деп оларға сенім арта сөйледі. Жиында атаулы мерекенің мемлекетіміз үшін маңызы зор екендігі айтылды. Қаршадай қыз Жансая Айтуғанның түсінігіндегі Елбасы-отансүйгіш азамат. Жансая - Қандыағаш қаласындағы №4 мектептің 4-сыныбында оқиды. Бимен айналысады. Қазір ғылымға ден қойған. Оқушылардың ғылыми жобалар жарысына қатысып, жүлделер алып жүр. Бүгін мектебінде, оқу ордасында қоғамдық жұмыстарға белсене араласып жүрген Жансая секілді 16 үздік марапатталды. Үздіктерге ұялы телефондар мен ноутбуктар сыйға тартылды. Мараптталғандар арасында халықаралық жас әншілер байқауының жеңімпазы, "Жылдың жас үздік тілшісі", Дельфий ойындарының жеңімпаздары бар. |
Количество показов: 2550
Дата создания: 29.11.2013 18:56:23