Жас дәрігерлер 1,5 млн теңгенің сертификатын алды
Биыл М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетін бітірген 120 түлектің бәрі де жұмысқа орналасқан. Соның 45-і "Дипломмен ауылға" мемлекеттік бағдарламасы арқылы еңбек жолын ауылда бастауды жөн санапты. Ауылдан қашпаған жастарға бүгін облыс әкімі 1,5 млн теңгенің сертификаттарын тапсырды. Ауылға кеткен жастардың бірі Шалқарда қызметке кіріскен Әбдіхалық Құлмұхамедов. Жас хирургтің аудандық ауруханаға көңілі толып отыр. Облыс бойынша ауруханаларды қажетті қондырғылармен жабдықтау деңгейі 73 пайыз. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевтің айтуынша аудандарда жедел медициналық көмек көрсетуге қажет құралдар жеткілікті. Тек кадр тапшылығы әлі шешімін таппай тұр.
"Дипломмен ауылға" мемлекеттік бағдарламасы бойынша ауылға жұмысқа баратын жастарға республикалық бюджеттен 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде көтерме қаржы беріледі. Биыл облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің шешімімен жас мамандарды ынталандыру мақсатында жергілікті бюджеттен қосымша қаражат бөліне бастады. Бүгін сертификат алған жастардың арасында отбасылық жұп та бар. Қос дәрігер үш миллион теңгені сыйға алды. Бүгін сонымен қатар Алматыда дәрігерлер арасында өткен халықаралық футбол турнирінде 3-орынды иеленген облыс құрамасы марапатталды. Команданың әр мүшесіне Қазақстанның облыстарымен қатар Бішкек пен Ташкенттен де командалар қатысқан.
Количество показов: 969
Дата создания: 02.10.2019 18:44:59