Жас ғалым Шығанақ Берсиевтің рекордын жаңартты
Ақ тарының атасы, аты әлемге әйгілі Шығанақ Берсиевтің рекордын ақтөбелік Назерке Көбейсін жаңартты. Шұбарқұдық кентінің тұрғыны 17 жастағы Назерке тарының 1 масағынан 1500 дана дән алған. Назерке өзінің рекордын егіс алқабында емес мектеп бақшасында жаңартқан. 17 жастағы бойжеткен өзінің тәжірибесіне Шығанақ Берсиевтің ақ тарысын пайдаланып, жерге ылғал жеткізу әдісі арқылы жүзеге асырыпты. Алдымен сұрыпталған тарыны егуге құнарлы жер таңдап алынған. Кейін осы таңдап алынған жердің әр шаршы метріне 250 данадан сапалы дән отырғызылыпты. Осылайша 4 жыл ішінде басы ірі масақтарды таңдап алу арқылы жаңа жетістіктерге қол жеткізе бастаған. Жас ғалым өз жаңалығын жақында ғана өткен Өмірбек Жолдасбеков атындағы халықаралық жобалар байқауында жариялаған. Орталық Азия елдерінен келген 300-ге жуық талапкерлер арасында Назеркенің жобасы үздік деп танылып, ақтөбелік жас ғалым 1 орынды иемденген. Осылайша 17 жасар жерлесіміз дүбірлі додада 1-ші дәрежелі дипломмен бірге, білім грантын да жеңіп алыпты. |
Количество показов: 2489
Дата создания: 04.03.2013 19:16:38