Қызылжардағы жасөспірімнің өлімі: сот үкімі шықты
ҚР Қылмыстық Кодексінің 99 және 58 бабы бойынша айыпталушы Ұзақбаев 18 жылға және қылмыстық кодекстің 99 бабы бойынша айыпталушы Махамбет 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Жәбірленуші Үсеннің пайдасына 10млн теңге өтемақы төлеуі тиіс. Ал, қалған 4 айыпталушыға жәбірленуші тарап кешірім беріп, оларға 4 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.Еске салсақ, қанды оқиға биыл 2-қаңтарда Қызылжар ауылында болды. Instagram әлеуметтік желісінде кәмелетке толмаған екі жасөспірімнің арасында жанжал шығып, олар "Алмаз" дүкенінің маңына кездесуге келіседі.
Топтық төбелес кезінде кәмелетке толмаған бала ес жимастан көз жұмды.
Количество показов: 153
Дата создания: 31.10.2024 06:56:42