«Жастар. Жігер. Болашақ»
Жастардың өмірдегі рөлі тек білім алумен шектелмейді. Олар еліне адал болып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білуі тиіс. Өз Отанының нағыз патриоттарын тәрбиелу бүгінгі күннің еншісінде. Әйтсе де, жастар арасында күрмеуі шешілмеген мәселе көп. Қылмыс, жұмыссыздық, лудомания мен суицид те жоқ емес. Форумның өтуіне түрткі болған да осы мәселелер. Жастарға білім алу маңызды. Ел тізгінін де ұстайтын білімді, сауатты әрі білікті жас. Ал оларға үлгі боларлық ел ағалары да жоқ емес. Форумға республика көлемінде танымал болған ақтөбеліктер арнайы шақырылған. Жастарға өсиет айтсын, жөн сілтесін деген мақсатта. Сахна төрінде отырып, ақтөбелік жастармен тілдескендердің қатарында көңілді тапқыштар клубы одағының төрағасы Есен Елеукен, әнші Нұрболат Абдуллин, актер Асылхан Төлепов, футболист Әлібек Касым мен айтыскер ақын Қайнар Алагөзов бар. Жас буын бұларға сүйсіне қарайды.Форумға облыс әкімі, құқық қорғау органдары, білім саласының мамандары мен студенттер, оқушылар мен ата-аналар да қатысты. Форумға қатысушыларға арнап кері әдеттің, яғни нашақорлық, ішімдік, лудоманияға тәуелді болғанда, алда қандай қиыншылықтарға тап болатын туралы жастардың қойылымдары көрсетілді.Жастарға қашан да қолдау керек. Әлеуметтік қолдау мен қоса білімге баулу, рухани тәрбие беру маңызды. Мамандар соңғысы ақсап тұр деген пікірде. рухани тәрбие алмаған бала ғана жамандыққа құмар. Бұған алдымен ата-ана жауапты, кейін ұстазы. Жанамын деген жасқа жалын сыйлау, білім алуға үгіттеу-бұл ересектердің парызы. Ал боламын деген балаған мемлекеттен қашан да қолдау бар.
Количество показов: 163
Дата создания: 30.10.2024 06:55:09