Қалалық балалар және жасөспірімдер шығармашылығы орталығына 95 жыл
Балаларды өнерге баулитын орта қашанда маңыздылығын жоймайды. Әр ата- ана баласының кішкентай кезінде қандай өнерге қызығатынына қарай, әр үйірмеге беріп көреді. Себебі өнермен айналысқан баланың ойы таза, қолы алтын, жолы ашық болады,-дейді ұстаздары. Бүгінгі шараның да мақсаты- балалардың өнердегі бастамаларын қолдап, жұмыстарымен бөлісу.Алтынай Тұржанова орталықтың түлегі. 1994 жылы анасы сіңлісі екеуін биге береді. Қазір Алтынай темір жолжы. Әйтсе де, би үйірмесінің көмегі көптеп тигенін айтады. Сіңілісі осы орталықта жұмыста қалған. Қазір хореография сабағынан сабақ берсе, екеуінің де қыздары осы мектепте аналары сияқты өнер әлемін жалғастырып жатқанын айтады.Алтынайдың айтуынша, кішкентай кезімде қатты тұйық болдым. Анам сәл ашылсын, ортаға үйренсін деп осы мектепке берген болатын. Бұл үйірменің маған өмірде көп пайдасы тиді. Ортаға расымен үйрендім, қазір жұмысымда мерекелік шаралар бола қалса, биге де, әнге де қосыла кетемін,-дейді ол.Бүгінде қалалық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығында 1057 бала білім алуда. 42 педагог бар. Балалар кез келген 5 бағытты таңдай алады. Олар методикалық, көркем сурет, хореография, бейнелеу және музыка бағыттары бойынша білім алып жатыр. Үйірмеден түрлі облыстық, республикалық конкурстарға қатысып, жүлделі орындар алып жүргендері де баршылық.
Количество показов: 195
Дата создания: 31.10.2024 06:53:54