Жарамсыз электр жүйелері коммуналдық меншікке беріледі
Көбінесе ауылдарда жарықтың өшуіне жиі себепкер болатын іске жарамсыз электр жүйелері коммуналдық меншікке беріледі. Жұмыс 15-наурызға дейін аяқталуы тиіс. Бұл туралы бүгін облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Жанат Жұбанышев есеп беру жиынында айтты. Жанат Жұбанышевтың айтуынша, аймақта электр тасымалдаушы желілердің ұзындығы 17 мың шақырымнан асады. Ең ұзыны "Энергосистема" ЖШС-не тиесілі. Көбісі жаңартуды қажет етеді. Иесіз, іске жарамсыз электр желілері де жоқ емес.
Бердібек Сапарбаев халықты ауыз су, жылу, газ, жарықпен қамтамасыз етуге жауапты басшыларға қырағы болуды ескертті. Жылу қазандықтары уақытында тексерілуі тиіс. Облыстың 375 елді-мекенінің 110-ы газдандырылған. Былтыр Ойыл, Ырғыз аудандары мен Комсомол ауылына көгілдір отын жеткізілді. 2019 жылы 150 ауылға газ беріледі. Ал, 201 ауыл әлі ауыз сумен қамтылмаған. Тағы 3 ауыл ауыз суды тасып ішеді.
Количество показов: 1866
Дата создания: 25.01.2017 18:57:17
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>