Орман өртінің алдын алайық!
Аумақты қорғау алып, күтім жүргізу керек. Көбіне өрттен қорғау жұмысы жүргізіледі. Сонымен бірге зиянкестерге қарсы бақылау да бар. Қазіргі кезде 6 мың га орман шаруашылығының иелігіне өтті. Жұмыс жалғаса берсе, орманмен көмкерілген алқап көлемі артады", -дейді мамандар. Облыстың жасыл қорын көбейту мен қатар оны сақтау міндеті де тұр. Жасыл желектерді отырғызу, күтіп-баптау және өртке қарсы іс-шаралар жөніндегі мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында былтыр облыстық бюджет қаражатынан 900 млн.теңге бөлінген. Орман шаруашылығы саласы қызметкерлерін арнайы киіммен қамту мақсатында 20 млн теңге бөлінді. Биыл да осы салаға қомақты қаражат қарастырылған.Өңірде орман шаруашылығы мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша шаралар қабылдануда. Тоғыз өрт бақылау мұнарасы бар. Арнайы 7 техника баланста тіркелген. Биыл тағы бірлік техника сатып алынбақ. Өңіріміздің орман шаруашылығы саласында 500 ге жуық қызметкер жұмыс істейді. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сенсек, соңғы бес жылда орман өртінің саны 2.2 есе өскен. Алдымыз жаз. Синоптиктер аптап ыстық болады,-деген болжам айтуда. Сондықтан орманды алқаптарымызды қорғау шаралары тиянақты жүргізілсе игі.
Количество показов: 283
Дата создания: 16.05.2024 06:49:19