Жалғызбасты қарияның пәтері суға кетіп жатыр
Еңбек ардагері, жалғызбасты қария Екатерина Мурызеваның пәтеріне үш жылдан бері қауіп төніп тұр. Өзінен бір қабат жоғары тұратын көршісінің кесірінен кейуана су астында қалуы мүмкін. Алайда зейнеткердің көршілері бейқам. Қария тек биліктен үміт күтеді.
Екатерина Мурызеваның үш жылдан бері көргені осы. Еңкейген кәрінің бұл тіршілігіне мән беріп жатқан ешкім жоқ. Әлеуметтік көмекшілер өз міндеттерін атқарып, үйін жинастырып, дәрі - дәрмегін әкеліп беріп кетеді. Қалған уақытында зейнеткер шелектеп су сапырып, өз проблемасымен өзі айналысады. Қария 36 жыл бойы Жұрын нан қабылдау кәсіпорнында еңбек еткен. 81- ге келген кейуананың мәселесіне ешкім бас ауыртып жатқан жоқ. Қуаты кеміген кемпір айналасындағы көрші- көлемге ғана үміт артады. Жатақхана есебінде тұрғызылған көне баспаналары иесіз. Сондықтан кімге шағымданарын да білмейді. Пәтер иелері кооперативі, кондоминиум атаулы мүлдем жоқ. Кейуананың бұл жолғы әрекеті де нәтижесіз. Көршісі есігін ашпады. Қария күні тамшылаған судың тасып кетпеуін бақылап, көршісінің есігін торуылдаумен өтіп жатыр.
|
Количество показов: 1965
Дата создания: 26.11.2013 18:53:06