Жалғызбасты ана көмек сұрайды
Көпбалалы ана құлағалы тұрған үйді паналап отыр. Баспана деген аты болмаса, үйдің іргесі сөгіліп, едендерін егеуқұйрық кеміріп жатыр. Жыртық үйді жамап-жасқауға Ақмарал Жылқайдарованың шамасы келер емес. Азғантай жалақысы азық-түліктен ауыспайды. Шарасыз ана көптен көмек сұрап отыр. Ақмаралдың бес баласымен "АЗХС-4" бау-бақша ұжымына қарасты саяжайды паналағанына он жылға таяп қалды. Биылғы қысты да жалғызбасты әйел осы қараша үйде өткермекші. Басқа амалы жоқ. Отағасы тағдырдың тауқыметіне шыдамай, азаматтық некедегі әйелі мен бала-шағасын тастап, хабарсыз кеткен. Ақмарал сүйеу болар туған-туыстың көмегінен үмітін үзген. Үйге келетін кіріс көзі- мардымсыз, небары 8 мың теңге. Ақмарал денсаулығына байланысты жұмыс істеуге де жарамайды. Саяжайдағы жеті сотық жерін кәдесіне жаратып, баспана тұрғызып алуға Ақмаралдың қауқары жетпейді. Тіпті, қыстың көзі қырауда отын таба алмай қалған күндерім болады, дейді. Үй деген аты болмаса, жылуы шамалы. Күрделі жөндеуді қажет етеді. Егеуқұйрықтар да еденін тесіп біткен. Үйдің төбесі ортасына түсейін деп тұр. Баспана кезегіне жалғызбасты, көпбалалы ана, денсаулығында кінәраты бар адам ретінде тұрған. Тізімде 89-шы болып тұр. Кезекті күтіп шыдамым таусылды дейді Ақмарал Жылқайдарова. Саяжайдағы көпбалалы ананың жай-күйіне алаңдаушылық танытқандардың бірі- учаскелік полиция инспекторлары. Ақмаралдың тәртіп сақшыларына алғысы шексіз. Қолдарынан келген көмектерін аямайды, отынын да тауып беріп отыр. Бес баласының алды 28 жаста, тұңғыш ұлының отбасын құрып, өз күнін өзі көріп жатқанына шүкіршілік етеді. Қалған төрт баласы мен жиен немересін асырау Ақмаралдың мойнында. Кәмелеттік жасқа толмаған екі баласы - "Шағала" сауықтыру орталығында ем алып жүр. |
Количество показов: 2055
Дата создания: 25.12.2013 19:49:21