"Жағдайы ауыр сәбиді таксимен қалаға жөнелткен"
Шетінеп кеткен 7 айлық сәбидің ата-анасы ақ халаттылардың жазалануын талап етуде. Айтуларынша, дәрігер тиісті ем-домын жасамай, әлсіз баланы қинаған. Кішкентай Ақберен Шалқар қаласында 7 айлық болып туылған. Іштен шыққан нәрестеге соқыршек диагнозы қойылып, санавиациямен облыс орталығына жеткізіледі. Шақалақтың тоқішегіне ота жасайды. Араға 6 ай салып, екінші ота жасалған. Бұл жолы дәрігерлер сыртына шығарған тоқішекті қайта ішіне салады. Бір ай өте сәби қызулатып, Шалқар аудандық ауруханасы түскен. Ертесіне температурасы 38 ден түспей тұрған Ақберенді анасымен таксиге мінгізіп, Ақтөбеге жіберіпті. Бірақ, бала қалаға жете алмай, қайтыс болды.Нәрестенің әкесі баласына жолда қандай дәрі бергенін де, қандай екпе жасағанын білмейміз, дейді. Қасына дәрігерді емес мед бикені ертіп жіберген, Ақтөбеге барар жолда өзіміздің ауылымыз Бершүгірдегі емханаға тоқтадық, ол жердегілер бұл баланың жағдайы ауыр, біз қарамаймыз деп жалтарды дейді. Жол бойы балам қан құсты, кіші дәреті шықпай, қатты қызулады, Жаңағы Шалқардан еріп келе жатқан медбикемен Ембідегі емханаға тоқтадық ол жерде баламды қарайтын дәрігер табылмай, жан тапсырды, дейді Арман Жұбанышов.
Қан жылаған ата-ананың Шалқар аудандық ауруханасы мен Ембі аудандық ауруханасы дәрігерлеріне айтар назы көп. Ақ халаттылар өз жұмысына салғырт қарап, тиісті медициналық шара қолданбады,деп отыр. Қолдарында сот медициналық сараптамасының қорытындысы бар. Енді олар әділдік іздеп, сотқа шағымданбақ.
7 айлық болып дүниеге келген Ақберен Бәйтібидің денсаулығында кінәрат болған. Денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің айтар өз уәжі бар.
Сараптама қорытындысы бойынша, сәби инфекциялық жедел энтероколит ауруынан көз жұмған. Оның морфологиялық көрінісі катаральды қабыну және беткей ақаулар болып табылады. Яғни, ішектен қан кету кезінде жасалған операциядан кейінгі аш ішектің ілмектер арасында фиброзды жабысулардың болуы,-делінген мамандар шығарған қорытындыда. Ал қайғыдан қан жұтқан ата-ана өз ісіне жауапсыз дәрігерлердің қатаң жазалануын талап етуде.
Количество показов: 280
Дата создания: 10.09.2024 09:05:26