Жаңажол кенішіндегі газ өңдеу зауыты аумағындағы өрттен кейін ауруханаға түскен 4 жұмысшының екеуі қайтыс болды
Жаңажол кенішіндегі газ өңдеу зауыты аумағындағы өрттен кейін ауруханаға түскен 4 жұмысшының екеуі қайтыс болды. Олардың бас, бет, мойын тұсы мен аяқ-қолдарын 2-3 дәрежелі термиялық күйік шалған. Тыныс алу жолдары да қатты зақымданған. Дәрігерлер оларды аман алып қала алмады. Зардап шеккен тағы бір азамат Астана қалалық ауруханасында емін жалғастырып жатыр. Ал Ақтөбеде емделіп жатқан науқастың жағдайы орташа. Ол дәрігерлердің жіті бақылауында. Еске салсақ, 1 мамыр күні Мұғалжар ауданы, Жаңажол кен орнында "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ №2 газ өңдеу зауытының аумағында құбырдан газ шығып, оның арты өртке ұласқан. Нәтижесінде, дайындау цехының 4 жұмысшысы күйіп қалды. Өрт 14 сағаттың ішінде сөндірілді. Өрт сөндіру жұмысына Темір, Мұғалжар аудандарымен қатар Ақтөбе қаласынан да өрт сөндірушілер қатысты. Қызыл жалынды сөндіруге 52 құтқарушы, 9 техника жұмылдырылған. ҚР ҚК "Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау" бабы бойынша іс қозғалып, тексеру жұмыстары жүріп жатыр.Количество показов: 795
Дата создания: 15.05.2023 16:38:33