Жаңа жылды тойлатқандар арақтан уланды
Желтоқсанның 31-і мен қаңтардың бірі, екісі күндері қалалық жедел жәрдем бекеті маскүнемдер мен балаларға қызмет көрсетті. Жаңа жылды тойлатқандар арасында арақтан уланғандар көп болды. Сондай-ақ далада ойнап, ата-анасымен көшеде ұзақ қыдырып қойып, салқын тиіп, ауырған балалар педиатрлардың жұмысын еселеді. Ер адамды көлік қаққан. Облыстық жедел жәрдем ауруханасының жарақатқа жәрдем беру бөліміне жеткізілді. Аяғына зақым келген. Есіктің арғы жағында дәрігерлер жол апатынан зардап шеккен тағы бір адамдардың жарасын таңып беріп жатыр. Дәліз ығы-жығы. Зардап шеккендердің туған-туыстары, олармен бірге полиция қызметкерлері де жүр. Қала есін жиып, әркім өз жұмысына кірісті дегеннің өзінде ауруханадағы жағдай қарбалас. Ал жаңа жылды тойлатқан 5 күн демалыста науқастарды қабылдау бөлімінің есігі жабылмаған. Қалалық жедел жәрдем бекеті осы күндері тәулігіне 600 шақыртудан қабылдап отырыпты. Осы жаңа жылды атап өту кезінде ішімдіктен уланғандар өте көп. 5 суицид дерегі тіркелген. 3 адам көз жұмды. Дәрі ішіп, өмірімен өз еркімен қоштаспақ болған екі адамның бірі ауруханаға жатқызылған. 17 жол апаты тіркелді. Қаңтардың бірі мен екісі күндері педиатрлардың қызметі күшейді. Салқын тиіп, ауырған кішкентай балаларға жәдел жәрдем көлігі дамыл таппастан қатынады. Қалаға барлығы 32 жедел жәрдем бригадасы қызмет көрсетті. Шақыртулардың көптігінен бригадалар үлгермей, кей жерлерге кешігіп жеткен. |
Количество показов: 1747
Дата создания: 08.01.2014 22:35:47