Жаңа жылдық корпоративтерді өткізуге тиым салынбайды
Жаңа жылдық кештерді өткізуге тыйым салынбайды. Әрбір көңіл көтеру орындары келушілерді "Ашық" жобасы арқылы қабылдай алады. Ал мектептер мен бала-бақшадағы мерекелік концерттер үлкен залдарда өткізілмейді. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұхтар Сербаевтың дерегіне сәйкес, өңірде 14 жасқа дейінгі балалар арасында коронавирустың тіркелу жағдайлары төмендемей тұр. Өткен тәулікте бір жасөспірімнен ауру белгілері анықталған.Қызуы көтеріліп, дел-сал күйге түскен баланың ата-анасы бірден жедел жәрдем көлігін шақыртады. Медицина қызметкерлерінің бақылауында болған жасөспірім бірден оқшауланған. Балаға ем-дом жүргізіліп жатыр. Жағдайы тұрақталып келеді.
Жалпы қазір дәрігерлердің бақылауына 6 бала алынған. Жасөспірімдердің жағдайы орташа күйде. Төрт жүкті әйел жазылып шыққан. Айы-күні жетіп отырған келіншектер тұрақты түрде медицина қызметкерлерінің бақылауында болады. Сондай-ақ, өткен тәулікте 751 ақтөбелік ПТР-тестін тапсырған. Зерттеулердің нәтижесі екі күннен кейін белгілі болады. Жалпы биылдыққа зерттеу орталықтарында тұрғындардан 1 млн 58 мың тест сынамасы алынған.
Количество показов: 530
Дата создания: 20.12.2021 18:37:24
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>