Жаңа жылдан бастап жолақысы қымбаттайды
Түрлі бағытта жолаушылар тасымалдап жүрген ескі "Паз" автобустары жақын күндері жаңа көліктермен алмастырылады. "Автопарк" ЖШС-не орта сыйымдылықтағы 50 автобус әкелінді. Қоғамдық көліктер нақты қай бағыттарға жіберілетіні әзір белгісіз. "Автопарк" мекемесі автобустарды 400 миллион теңгеге сатып алған. Ресейдің Павлов зауытында құрастырылғанымен көліктің қозғалтқышы шетелдікі. Еуро-4 стандартына сай. Дизель отынымен жүреді. Сатып алмас бұрын мекемедегілер көлікті жан-жақты сынақтан өткізген. Жаңа "Паздар" жолаушы тасымалдап жүрген бірнеше бағыттың көнерген көліктерін ауыстырады. Автобустардағы орын саны - 53, оның ішінде 17 орындық бар. Ақтөбеліктер бұл көліктерде 45 теңгемен қатынайтын болады. Мекеме басшылығы алдағы екі-үш жылда несие алып, "Хюндай" маркалы шағын автобустардың бәрін осындай орташа немесе үлкен сыйымдылықтағы көліктерге алмастыруды жоспарлап отыр. Алайда, несие халықтың қалтасынан төленетін сыңайлы. Жаңа жылдан бастап, қалада жол ақысы қымбаттайды. |
Количество показов: 1889
Дата создания: 22.11.2013 19:23:07