Жаңа жыл басталысымен азық-түлік қымбаттады
Жаңа жыл басталысымен қалада киім-кешектің де бағасы өсті. Әсіресе аяқ киімдердің бағасы шарықтап кеткен. Сондай-ақ дәрі - дәрмектердің де құны төмен емес. Бөлке нан және ұннан жасалған кондитер өнімдері, балық, сүт, жемістер, көкөністер ақысы да артқан. Қаңтардан бастап қаладағы дүкен сөрелеріндегі бөлке нан және ұннан жасалған кондитер өнімдері, балық, сүт, жемістер, көкөністер ақысы біраз шарықтады. Кілем, тоқыма өнімдері, ас үй құрал-жабдықтары, дизель отыны жарты пайызға қымбаттаған. Ірімшік, жемістер, көкөніс шырындары, алкогольді сусындар, темекі өнімдерінің бағасы да көтерілді. Жаңа жылдан бастап күнделікті сұраныстағы көкөністердің бағасы 5 теңгеге көтеріліпті. Базарларда қазір картоптың келісі 100 теңгеден. Жуа - 90, сәбіз-150, қырыққабат- 50, қызылша-120теңге, тәтті бұрыш- 800, қиярдың келісі-700, қызанақ- 750 теңгеден сатылуда. Сондай-ақ, киім тігу, киімді тазарту, пәтер жалдау ақысы, алыс жерлерге саяхаттар мен жолдамалар, әсемдік салондарындағы қызметтер ақысы біршама артқан. Өткен айлармен салыстырғанда күнбағыс майы, қарақұмық жармасы, құмшекер мен тауық еті арзандады. |
Количество показов: 1911
Дата создания: 08.01.2014 22:55:45