Жаңақоныс-4 елді мекені тұрғындары көшелерді жарықтандыруды сұрайды
Жаңақоныс-4 елді мекенінде үйге ұрлыққа түсу жиілеген. Баукеспелерден мезі болған халық көшелерге электр жарығы жүргізілсе, қауіпсіздік мәселесі шешілер еді дейді. Осы өтінішпен тұрғындар бүгін қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне келді. Жаңақоныс-4 елді мекенінің тұрғындары бұл жолы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне жарық қана сұрап келіпті. Өйткені биыл қыс түскенше ауылға көгілдір отын тартылып үлгермейтініне тұрғындар әбден сенімді. Ең болмағанда, үйлер толығымен электр жарығымен қамтылса, пеш қосып, жылынар едік, дейді олар. Электр жарығымен тек адамдар қоныстанған үйлер қамтылған. Әзірге ауылға тегіс электр жарығы берілмей отыр.
Ауылға электр желісі өткізілсе, көшедегі шамдар жағылады. Сол кезде ұрлық та болмас еді, дейді жаңақоныстықтар. Ауыл ішінде үйлерді тонау жиілеген. Салынып жатқан үйлердің құрылыс материалдары ұрланады. Көше тас қараңғы, мектептен қайтқан балаларымыз үшін де алаңдаймыз, дейді тұрғындар.Жаңақоныс -4 ауылынан жер телімдері берілгеніне де үш жылдан астам уақыт өтіпті. Ауыз су да, газ да әлі өткізілмей тұр. Пәтер жалдап, әр жерде түнеп жүрген тұрғындар ауылда инфрақұрылым мәселесі тезірек шешілсе, салып қойған үйлеріне кіргісі келеді.
Количество показов: 659
Дата создания: 15.09.2021 18:33:05
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>