Жаңақоныс-4 ауданының тұрғындары коммерциялық нысанның салынуына қарсы
Жаңақоныс-4 ауданының тұрғындары коммерциялық нысанның салынуына үзілді-кесілді қарсылық білдіріп жатыр. Олар белгісіз ғимарат құрылысы жоспарланған жерді қорғап қалуды мақсат етіп отыр. Ал нысанның құрылыс талаптарына қайшы жүргізіліп жатқанына сенімді. Онсыз да тар жерде тұрғындардың жүріп-тұруына қиын болмақ. Жаңақоныс-4 ауданының тұрғындары бүгін облыс әкімдігі алдына жиналды. Бұл тұрғындардың алғаш жиналуы емес. Себебі үйлерінің алдына бәз біреулер қазық қағып тастаған. Ешқандай келісім алмаған. Осылайша, ауданның бас жоспарына өзгеріс енгізіп отыр,-дейді ашынған жұрт. Салдарынан көше көлемі қысқарған, көлік қатынасында кедергілер бар. Әсіресе, мектеп жасындағы балаларға қиын. Білім ордасына жаяу қатынау азап. Ал жедел жәрдем шаұыртсақ, көшеге кіре алмайды,-деп отыр.Көшемізге өз күшімізбен қиыршық тас төгіп, жол жасадық. Ол енді кеуіп, жол тегістеліп қалғанда осындай жағдай болып отыр. Еш ескертілмей жол үстіне қазықтар қағылғанда, төбемізден жай түскендей болды, дейді тұрғындар. Жауапты орындар болса, бәрі заңмен рұқсат етілген, -деп отыр. Дегенмен тұрғындарға кедергісін тигізіп жатса,назарға аламыз және оны жер комитеті, әкімшілік бірігіп шешетін болады,-деген жауап қайтарды.
Сонымен қатар жолға шебіндермен тегістеу жалғасатын болады. Барлық аудандар бойынша да, жолға қатысты сұрақтар өз уақытымен шешіліп жатыр деп түсініктеме берді.
Тұрғындардың талабы жалғыз. Ол- кедергі келтіріп трған қазықтарды алып тастау. Жолды қайта кеңейтуді сұрап отыр. Автокөлікпен көшеге еркін кіріп шығатындай жол жасалса екен, дейді. Әйтпесе, балалар мектепке қатынайды, аяқ-киімдеріне балшық иленіп, жабысып, құлап та келеді деп шағымдарын білдірді.
Количество показов: 388
Дата создания: 19.09.2023 05:52:43