Жаңа оқу жылында 15 мектеп пайдалануға беріледі
1-қыркүйекке дейін ата-аналар балалары үшін кітаптарды толық алып болуы шарт. Дегенмен, даярлық тобына баратын балаларды ата-аналары ғана кітаппен қамтамасыз етеді. Себебі, даярлыққа баратын бала көп. Қазір аймақтағы барлық мектептерде даярлық курстары өтіп жатыр. Биыл өңірде 1-сыныпқа 19 мыңнан астам бала барады. 1-сыныпқа оқышларды қабылдау электронды жүйе арқылы жүргізіліп жатыр. Бүгінге дейін 13600-ден көп оқушы қабылданған. Білім және ғылым министрі мәлім еткендей 1-сынып оқушыларына Әліппе әзір қайтарылмайды. Балаларға білім беретін педагогтар тапшы. Әсіресе бастауыш сыныптарға орыс тілі мамандары жетіспейді. Жаңа оқу жылына дейін 200 маман қажет. Облыста 15 мыңға жуық ұстаз бар. Сұраныс болғанымен түлек жоқ. Жоғары оқу орындарында қазір аса қажетті мамандықтарға оқитындар өте аз. Мәселенің шешімін мұғалімдер өздері тапқан секілді. Өткен оқу жылын аймақта 6400-ге жуық түлек аяқтады. 2300-ден көбі республикалық грантты ұтып алған. 504-і шетелге оқуға кетті. 15-тамызда облыс әкімі мен көп балалы отбасы балаларына арналған оқу гранттарының иегерлері анықталады. 800-ге жуық түлек өтініш білдірген. Ләззат Оразбаеваның сөзінше, аймақта мектеп формасын сақтамай отырған 7 оқушы бар. Ата-аналарына түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, уақыт берілген.
Количество показов: 963
Дата создания: 13.08.2019 18:28:27