Жаңа көпір - жаңа проблема
Жаңа көпір салынғалы сол маңдағы тұрғындарда бірқатар жаңа проблема да пайда болды. Көпірден көліктер 11-ықшам ауданға қарай түскенде оң жаққа бұрылуға болмайды. Ал көпірдің оң жағында орналасқан ғимараттарға жақын келу үшін көліктер үйлердің аулаларымен өтіп, жол қысқартады. Бұған 11-ықшам аудандағы №43, 44-ші үй тұрғындары наразы. №43-ші үй тұрғындары қауіпсіздіктері үшін өз үйлерінің қасынан да оңға бұрылуға тиым салатын жол белгісінің орнатылуын сұрайды. Ол жағдайда №44-43-үй тұрғындарының өзі көліктерімен аулаларына кіре алмайтын болады. Сондықтан үйлер арасынан белгі орнату мүмкін емес деп түсіндіреді қала әкімінің баспасөз хатшысы Лариса Томчук. Ал оң бұрылыстар Әз Наурыз, Шәйкенов және М. Мәметова көшелеріне қарай қарастырылған. Алайда қалалық әкімдікте тұрғындардың бұл арызы қаралып, жағдайды оңтайлы реттеуге тапсырма беріледі деді Лариса Томчук. |
Количество показов: 1843
Дата создания: 01.04.2014 18:37:05