Жаңа көпір ашылды
Бүгін көптен күткен көпір ашылды. Нысан қаланың шағын аудандары мен ескі бөлігін байланыстырып тұр. Салтанатты жиынға қала және облыс басшылары қатысты. Өңір басшысы Архимед Мұхамбетовтің айтуынша, болашақта тағы да бірнеше көпір салу жоспарда бар. Жол өткелінің құрылысын алматылық "А.Рязанов атындағы №25 көпір құрлысы отряды» ЖШС жүргізді. Компания басшылығы нысанды мерзімінен бұрын, 1,5 жылдың ішінде тапсырды. Әз Наурыз бен Әкімжанов көшелерін байланыстыратын бұл көпір жаңа заманның құрылысы. Заманауи технологияның жемісі. Ал 5-ші шағын аудандағы жол торабы 60-шы, Сельмаштағы өткел 70-ші жылдары салынған. Жаңа көпірді салуға қазынадан 4 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінген. Темір-бетоннан тұрғызылған көпір теміржол үстімен өтеді. Ұзындығы-550 метр. 4 жолақты жолдың ені- 17 метр. Көпірмен 1 сағатта 5 мың көлік жүреді деп жоспарланған. Бұл ескі көпірді қоса алғанда 1,5 көлікке көп. Қалада 180 000 көлік бар екенін ескерсек, жаңа көпір қала көшелеріндегі қозғалысты әлдеқайда жеңілдетпек. Салтанатты түрде рұқсат берілген соң көліктер көпір үстімен қозғала бастады. Бірінші болып туризм клубының жол талғамайтын көліктері, сонан соң облыс, қала әкімдерінің көліктері жүріп өтті. Тарихи сәтті ұялы телефонына түсіріп алып жатқандар да жоқ емес. Қала көшелеріндегі көлік кептелісіне қош дейтін кез келді. Көлік жүргізушілерінің енді жүйкесі жұқармайтын болады. Мысалы, әуежайдан келе жатып, Әкімжанов көшесінен оп-оңай Нокин даңғылына түсе қоясыз деп сендіреді атқарушы билік өкілдері. Жол өткелінің құрылысымен қатар, жаз бойы Әкімжанов, Смағұлов, Әз Наурыз және Некрасов көшелеріне күрделі жөндеу жасалды. Ал 312-атқыштар дивизиясы даңғылы учаскесі Ломоносов , Шернияз көшесі Некрасов көшесінен Асау-Бараққа дейін кеңейтілді. Сәйкесінше қаладағы қозғалыс сызбасы да өзгерді. |
Количество показов: 1920
Дата создания: 01.11.2013 19:25:48