Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 5 миллион теңгеге дейін мемлекеттік гранттар беріледі
Кәсіпкерлер грант қаражатын өнім өндіру немесе қызметтер көрсету үшін қажетті негізгі құралдарды, шикізат пен материалдарды сатып алу мақсатында пайдалана алады. Одан өзге материалдық емес активтерді, технологияны сатып алуға, кешенді кәсіпкерлік лицензияға құқықтарды сатып алуға және зерттеу жұмыстарына немесе жаңа технологияларды енгізуге байланысты шығыстарға пайдалануға рұқсат етіледі.Конкурсқа өндіріс, білім беру, денсаулық, туризм саласы бойынша жасалған жобалар қабылданады. Ал қоғамдық тамақтану, шаштараз, сауда-саттық сияқты жобалар конкурсқа жіберілмейді.Қайтарымсыз мемлекеттік грантты жеңіп алатын кәсіпкерлер өз бизнес жобасын кемінде 10 пайызға қаржыландыруы керек. Ал осал топқа жататын кәсіпкерлерге мұндай міндет жүктелмеген.Конкурс шарттары бойынша толық ақпаратты кәсіпкерлік басқармасының сайтынан қарауға болады.
Количество показов: 694
Дата создания: 08.04.2022 19:17:36