Жұртқа берілген жер телімдерінің орны қоқыс полигонына айналған
Қоқыс алаңының мұншалықты үлкейіп кетуі көрші тұрған Нұр-Ақтөбе ауданының да тұрғындарын алаңдатып отыр. Себебі, қоқыстан шыққан жағымсыз иіс көрші ауданға лезде жетеді. Ал, егер оны өртейтін болса, аумақты түтін алып кетеді деп қауіптенеді. Рауан-2 тұрғын алабында бей-берекет қоқыс алаңының пайда болғанынан жергілікті билік хабардар. Мұндай сорақылыққа жол берген шенеуніктер енді аумақты тазартуға қыруар қаржы жұмсамақ. Алматы ауданы әкімінің орынбасары Бақұзақ Дариннің айтуынша, аудан аумағында анықталған 23 заңсыз қоқыс алаңдарын жою үшін жергілікті бюджеттен 94 млн 900 мың теңге бөлініп отыр. Конкурс жақын арада аяқталып, жеңімпаз мердігер анықталғанмен ұйым мен әкімдік арасында жасалатын келісімшарт мерзімі қанша уақытқа белгіленетіні беймәлім. Сондай-ақ, осынша қоқысты толығымен тазарту қашанға дейін созылатыны да белгісіз. Сондықтан, Рауан-2 тұрғын алабындағы жер телімдеріне иелері биыл жазда үй тұрғыза аламайтыны анық.
Количество показов: 853
Дата создания: 02.06.2022 17:52:28