Денсаулық саябағында бүгін "Кардиологтармен серуен" акциясы өтті. Қаладағы емханалардың кардиолог-дәрігерлері өткен-кеткен адамның қан қысымын тексеріп, тегін кеңестерін берді. Жүрек-қан тамырлары аурулары белең алып барады. Денсаулығындағы кінәратты білетін адамдардың өзі дәрігердің нұсқаулықтарын орындағысы келмейді. Жұмыс, үй тірлігі деп емхана есігін бір де бір рет ашып көрмегендері де жүр арамызда, деп шағым айтты бүгін дәрігерлер. Проблемаға ақтөбеліктердің назарын аударту, өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға шақыру мақсатында бүгін Батыс-2 ауданындағы "Денсаулық саябағында" "Кардиологпен серуен" акциясы өтті. Көшпелі қабылдауды облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен "Арасан Ақтөбе" ЖШС бірлесе ұйымдастырған. Қалалық №2, №6-шы емхана кардиологтары өткен-кеткен адамның қан қысымын, қандағы қант құрамын өлшеп, жасы 40-тан асқандарды скринингтен өтуге шақырды.
40 жастан кейін жүректің жұмысын, қан қысымын үнемі тексертіп тұрған абзал. Ал науқастар әр 3 ай сайын дәрігерге қаралуы тиіс. Қазір облыста артериялдық гипертензиямен 53 мың адам тіркеуге алынған.
Количество показов: 1095
Дата создания: 16.05.2019 18:22:37
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>