Некрасов көшесінде автобус жаяу жүргіншіні қағып, мерт қылды
Кеше кешкілік Некрасов көшесінде қоғамдық көлік жаяу жүргіншіні қағып кетті. Бойжеткен оқиға орнында жан тапсырған. Ал жергілікті билік болса, мұндай жағдайлардың алдын алу мақсатында биылдыққа қала ішінде көшелерді күрделі жөндеумен болды. Көп жерлерде жол белгілері ауысты. Жүргізушілер жаңа қозғалыс тәртібіне үйрене алмай, жүрісінен жаңылды. Өзгерістің алды -арты бұл емес. Некрасов көшесінің 3 жолақты болып кеңейтілгені кеше ғана. Көліктер оған да сыймады. Мұны ескерген жергілікті билік жолға енді төртінші қатар қоспақшы. Қаланың Сельмаш ауданындағы көпір жөнделеді немесе орнына жаңасы салынады. Қазір бұл сұрақ талқыланып жатыр. Егер көпір іске қосылса, Мәскеу ауданындағы басты Арынов атындағы көше 4 жолақты болып кеңейтіледі. Сондай-ақ, ескі қаладағы қосалқы көшелерді жөндеу келер жылдың жұмыс жоспарына енгізілген.
Келесі жылы қаланың ескі бөлігіндегі 303 үй ауласы жолдарын жөндейміз. 12-шағын аудан, Шанхай ауданы, қаланың орталығын қаржыландыруға қарай сатылап жөндейміз. Жобалық-сметалық құжаттар дайын тұр. Күн жылынған бойдан, жұмысты бастаймыз.
Қазір 60 жобаның жобалық-сметалық құжатын әзірлеп қойдық. Соған сәйкес, Кеңес Одағының батыры атындағы көшелерге асфальт төселеді. Қаражаттың бөлінуіне қарай, Құрмыш пен Мәскеудегі кейбір қосалқы көшелерді де жөндеу жоспарда бар. Өйткені, қосалқы көшелердің жағдайы дұрыс болса, көліктер сол көшелермен жүреді. Негізгі көшелерге түсетін салмақты жеңілдетеді.
|
Количество показов: 2063
Дата создания: 12.11.2013 19:20:41