Жұмысшылар жалақыларын талап етті
"Семсер" күзет агенттігінен жалақыларын ала алмай жүргендердің саны 70-ке жуықтайды. Көпшілігі екі-үш ай жасап, ақша төленбегесін шығып кеткен. Барлығы отбасын асырап отырған азаматтар. Жұмысшылардың шағымдары бойынша келген қала әкімінің орынбасары Ұшқын Мыңбаев мекеме басшылығына мәселені шешуге тапсырма берді. Әкімшілік қойған талап бойынша барлық жұмысшыларға 2 айдың ішінде жалақылары өтелуі тиіс. Жұмысшыларына еңбекақыларын уақытылы төлемей келген "Семсер" күзет агенттігі еңбек нарығында біраз жылдан бері жұмыс жасап жүрген компания. Төрт жерде күзету нысандары бар агенттікте 100- ден аса жұмысшы қызмет етеді. Аталған мекеме үстінен бір ай бұрын облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасына бірнеше шағым түскен. Тексеру жүріп жатыр.
Количество показов: 920
Дата создания: 04.07.2019 03:32:43