Облыс прокурорлары өңірдегі жұмыспен қамту орталықтарынан кемшіліктер тапқан. Тексеру кезінде құны 4,5 миллион теңгеден асатын заңбұзушылықтар анықталған. Бұл қаржының барлығы тексеру барысында бюджетке қайтарылыпты. Осы деректерді негізге ала отырып, облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің мамандары наурызда мониторинг жүргізген. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарамасы мен қалалық бөлімінен сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдері анықталды. Мәселен, сұранысқа ие мамандықтарға оқыту курстары мен жұмысқа тұруға берілетін жолдамалар дұрыс бағытталмаған. Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарына сұраныста жоқ мамандықтарға жолдама көбірек берілген. Мұндай кемшіліктер Хромтау, Темір, Қобда аудандары мен облыс орталығында да көп. Қобда мен Темір аудандарында жұмыссыздар қысқа мерзімді курстардан өтті деп жалған анықтама берудің 22 дерегі тіркелді. Қаладағы №1- әлеуметтік қызмет көрсету орталығы директорының орынбасары өз баласын мекемеге көлік жүргізушісі етіп жұмысқа алған.
Облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің мамандары жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасына 11 ұсыныс тастаған. Мемлекеттік сатып алу комиссиясының құрамына қоғамдық өкілдерді кіргізу қажет. Қайрат Отаровтың сөзінше, барлық ұсыныстар ретімен орындалып жатыр. Арнайы жоспар құрылған. Министрлікке де ұсыныстар жіберілген.
Тексеруші мекеме өкілдері мониторингті кемшіліктерді анықтау үшін емес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою үшін жүргізген.
Количество показов: 1091
Дата создания: 25.04.2019 18:55:46
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>