Жұмыртқа қымбаттады.
Маусымына қарай әр азық- түлік бағасы қымбаттайтыны белгілі. Сол сияқты жұмыртқа бағасы да күрт өсті. Мәселен, ірі сауда желілерінде жоғары сұрыпты жұмыртқа- 528 тг басталса, 2 санат- 506 тг. Бұл жұмыртқалардың көбі дерлік Ресейдің Орынбор қаласынан келген. Ал ұсақ азық-түлік дүкендерінде Ресейлік Гайфа ауылдық жұмыртқасы 650-700 теңгенің жобасында. Бұл бағларды халықтың қалтасы көтермейтіні анық. Онсыз да жылда көтерілуімен ол әлеуметтің әмиянын аз тонаған жоқ еді. Енді әлеуметтік маңызы бар тағамның қымбаттауы тұтынушыға оңай тимей отыр.Кәсіпкерлердің айтуынша бұл маусымдық құбылыс. Жыл сайын күзде тағамның осы түрінің құны өсіп отырады. Жұмыртқаға сұраныс әркез бар. Өйткені, қамыр ашытсаңыз да, салат жасай қалсаңыз да жұмыртқа керек. Ал отандық өндірушілер ішкі нарықты қамти алмай отыр. Сондықтан көрші елден әкелуге мәжбүрміз,-дейді сатушылар.
Ал тұтынушылар болса жұмыртқа алдағы уақытта қымбат әрі тапшы өнімге айналмасына кім кепіл, деп дабыл қағуда. Өндірістің азаюы да бағаға әсер ететіні белгілі. Сатушылардың айтуынша, екінші және үшінші сұрыптағы жұмыртқалар арзан болғандықтан, тезірек сатылып кетеді. Әйтсе де, бағасы арзан емес. Кей дүкендерде жұмыртқа 700 теңгеден саудаланып жатыр.
Количество показов: 380
Дата создания: 26.10.2023 19:41:58