Өзендерде сең қозғалды
Суда құтқарушылар қауіптің алдын алу шараларын күшейтті. Саяжайларға рейдке шығып, үйлері суға жақын орналасқан тұрғындарға ескертулер жасап, кеңес беруде. Қала маңындағы су-тоғандарға жақын баруға тиым салынады. Өйткені екі-үш күннен бері су бетінде сең жүре бастады. Күн жылынғалы тірі жан жағаға жақын келмеген. Балықшылар да сүйікті кәсіптерінен уақытша бас тартқанға ұқсайды. Балық аулауға 15-ші наурыздан бері тиым салынған. Ақтөбе су қоймасында ғана әлі қатқақ. Қалған өзен-көлдерде сең жүре бастады. Топан сумен күреске барлық қызметтер дайын отыр. Ақтөбенің ауа райы да қазір құтқарушыларға қарасып тұр. Күннің бір жылып, бір аяздауы, түнгі салқындар қызыл судың тұтқиылдан тап беруін болдырмауы керек. Облыста қаңтар айынан бері өзен-көлдерге суға кеткен адам жоқ. |
Количество показов: 2370
Дата создания: 01.04.2014 18:38:54