Шаһарда су тасқынының алдын алу үшін 8 өзеннің арнасы аршылып, түптері тазартылып, жағалаулары бекітіліп жатыр. Өткен жылдың соңында басталған жұмыстар биыл желтоқсанда аяқталуы тиіс. Бүгінге дейін 5 өзендегі жұмыстар аяқталып қалған. Дегенмен, өзен бойындағы ағаштардың оталуы тұрғындардың наразылығын тудырып отыр. Су ішіндегі, одан қалды жиегіндегі талдар түгел опырылған. Мынау Бұтақ өзенінің қазіргі сыйқы. Өзен дейтін аты ғана қалған. Бұған дейін жайқалған талдары да, бұлақтардан жиналған сулары да қалмапты. Талдар оталып, судың саяжай жақ бетіне топырақтан бөгет салынған. Өзен жиегінде орналасқан саяжай тұрғындары жазда бақшамызды суаруға су жетпейді деп алаңдайды. Қарғалы өзенінің арнасын кеңейту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Алматылық "Компания Спецстрой" ЖШС-і жұмысты қаңтарда бастаған. Компания басшысының орынбасары әзірге, екі метр қашықтықты кеңейтеміз дейді. Мердігер мекемеге талдарды кесіп, арнаны кеңейтуге облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы рұқсат берген. Мамандардың сөзінше, екі жағалаудың арақашықтығы 30 метр болуы шарт.
Өзендердің жағасында оталып жатқан теректер елді мекендерді көгалдандыру, өзен-көл жағалауларын бекіту үшін өсіріледі. Биіктігі 20-25, жуандығы 2 метр болатын ақ теректердің әзірге қаншасы оталғаны белгісіз. Кесілгендері бірден қала сыртына тасылып жатыр. Облыстың экс-әкімі Бердібек Сапарбаевтың талдарды кесіп, өзен арналарын кеңейту тапсырмасы қазір өзге жоба бойынша жүргізіліп жатыр. Өңірдің жаңа басшысы Оңдасын Оразалин тал кесуге тиым салған. Бекболат Нұрашевтың сөзінше, мердігер мекемелер кескен әр талының орнын толтырады. Шаһар аумағында тал отырғызатын болады. Келісім бар. Дегенмен, "Бір тал кессең, он тал ек" дейді халық. Жарты ғасырдан астам өзен жағалауын бекітіп, демалушыларға сая болған ақ теректердің орнын толтыру үшін қаншама жыл керек.
Количество показов: 1218
Дата создания: 26.03.2019 18:42:34
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>